Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды.

Жарыс Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында сұйымдастырылуда.

Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасты.

Қазақстандық ватерполшылар Австралиядан 6:19, Жаңа Залендиядан 11:15 есебімен жеңілді. Ал Бразилияны 10:6 есебімен тізе бүктірді.