Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық турнирдің негізгі жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақ дәредесінде - 170 фунт (77 келі) өтеді.

Жекпе-жек қарсаңында Рахмонов ресми салмақ өлшеп, таразыда 170,5 фунт (77,1 келі) көрсетті.

Айта кетейік, екі қазақстандық файтер өнер көрсететін кеш елорда уақытымен 26 маусым таңда өтеді.