«Тұран» Фархат Мусабековпен келісімшартты бұзды «Тұран» ФК мен Фархат Мусабеков екі жақтың келісімі бойынша келісімшартты бұзу бойынша шешім қабылдады.

Қырғызстан құрамасының ойыншысы «Тұранға» былтыр келген.

Осы күнге дейін алаңға 22 мәрте шығып, бір голдың авторы атанды. «Тұран» ФК Фархат Мусабековке алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді!