Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанда өтіп жатқан ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Гөзал үндістандық Зил Десаимен бірге ширек финалда таиландтықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипуекпен ойнауы керек еді. Әйтсе де олар кортқа шықпай қалды. Алғашқы айналымда қазақстандық-үндістандық жұп жергілікті теннисшілерді тізе бүктірді - 6:1, 6:0. Г.Айнитдинова мен З.Десайдың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.