18 маусымда Өзбекстанда Brave CF 59 & ATF 11 турнирі өтті, оның басты жекпе жегінде қазақстандық файтер Олжас Есқараев (10-6) қырғызстандық Кубанычбек Абдисалам уулудан (19-3) жеңіліп қалған. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион атағын сарапқа салған болатын.

Жекпе-жектен кейін «Қыпшақ» Instagram-парақшасында октагонға шыққан күні денсаулығына байланысты күрделі мәселелер болғанын хабарлаған.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Қыпшақ» жеңілісінің басты себептерін атап, реванш алуды қалайтынын мәлімдеді.

- Олжас, өткен аптадағы BRAVE CF жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағы үшін Абдисалам Кубанычбекке қарсы өткен жекпе-жекке қатысты қандай пікір білдіресіз?

- Жекпе-жек менің жоспарым бойынша өткен жоқ, бірақ мен оған тыңғылықты дайындалдым.

– Әлеуметтік желідегі парақшаңызда жекпе-жекке дейін денсаулығыңыз сыр бергенін айттыңыз. Нақты не болғанын айтып беріңізші?

– Жекпе-жек болған күні түскі үзілістен кейін асқазаным ауырсынды – бәрі содан басталды. Жекпе-жектен бір күн бұрын менің секунданттарым да осыдан өткен.