Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Теміртау» хоккей клубы қызметін жалғастыратынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына: «Өңірде 3 хоккей клубы («Теміртау», «Сарыарқа», «Қыран») бар. Олардың бюджеттік жағдайы қалай, берешегі бар ма?», - деген сауал қойылды.

«Біріншіден, хоккей клубтарының ойыншылар алдында ешқандай қарызы жоқ. Қаржы тек мемлекеттік келісімнің аясында белгіленген лимитпен бөлінеді. Бұл тәртіп барлық әкімдік үшін бірдей. Мен бұл сұрақтың астарын түсініп тұрмын. Желіде «Теміртау» хоккей клубы биыл өз қызметін тоқтатуы мүмкін деген ақпарат тарады. «Теміртау» хоккей клубы өз қызметін одан әрі жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеймін. Хоккей клубы теміртаулықтардың сүйікті командасы. Сондықтан команда одан әрі ойнай береді», - деп келтіреді Жеңіс Қасымбек сөзін ҚазАқпарат.