Үш жыл өтсе де Чемпиондар лигасы аясында өткен «Қайрат» – «Барса» матчы әлі де УЕФА клубтық жарыстар тарихындағы ең көп жанкүйер жиналған ойын саналады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының 2018/19 жылғы маусымдағы жартылай финалында қазақстандық «Қайрат» пен испаниялық «Барса» кездесті. Осы ойында УЕФА рекорды жаңарды. «Алматы Аренаға» 12 090 көрермен жиналды – бұл клубтық жарыстар тарихындағы ең көп адам қатысқан ойын.

Оған дейінгі үздік көрсеткіш (12 076 көрермен) Лиссабонда 2015 жылы УЕФА кубогында тіркелген болатын.

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңдерін есепке алмасақ та, рекордтық көрсеткіш Алматының еншісінде. 2016 жылы элиталық кезеңде «Қайрат» өз алаңында италиялық «Реал Риети» командасын қабылдады. Аталған кездесуді алаң жиегінен 6500 адам тамашалады.