Елордада орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион бұзылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін қала басшылығы құрылымды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлаған, бірақ техникалық байқау нысанның жүктемеге шыдамайтынын көрсеткен.

Елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев стадионды бұзып, орнына жаңа манеж салу күрделі жөндеуден әлдеқайда арзанға түсетінін айтты.

Журналист Самат Ысқақов жаңа стадион УЕФА-ның үшінші санатына сәйкес келетінін, нысан 2024 жылы пайдалануға берілетінін айтты.

Ескі арена 1936 жылы салынса, 1998 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.