Қазақстандықтар Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов сегізбұрышқа жоспарланған уақыттан 3 сағатқа кеш шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жексенбі күні таңертең, 26 маусымға жоспарланған жекпе-жектердің бастапқы кестесі бойынша Морозов сегізбұрышқа Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 3 шамасында шығуы керек еді, бірақ қазір оның жекпе-жегі таңғы 6-ға жоспарланған.

3 сағаттан кейін октогонға екінші қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов шығады. Еске салайық, «Найманның» қарсыласы «Гаитилік сенсация» лақап атымен танымал Нил Магни. Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен жұдырықтасады