Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз Украина өкілі Леся Цуренкодан 6-1, 5-7, 3-6 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 13 минутқа созылды.