Велоспорттан Қазақстан чемпионатында жастар арасындағы командалық сында Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздары топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алексей Ваганов, Матвей Воробьев, Егор Логачев және Павел Воропаев 40 шақырымды 52 минут 53 секундта жүріп өтті.

Командалық жарыста екінші орынды елордалықтар Игорь Житниковский, Вячеслав Сичкарев, Никита Олейник және Роман Хакимов иеленді иеленді. Олар қашықтықты 53 минут 15 секундта бағындырды.

Қола жүлде Ақмола облысының спортшылары Георгий Шепелев, Вячеслав Комнацкий, Никита Шестаков және Игорь Сапельниковқа бүйырды. Олардың нәтижесі – 53 минут, 36 секунд.