26 маусымда Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 57 турниріне екі қазақстандық файтер қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz

Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайваға қарсы жекпе-жек өткізеді. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 6:30-ға жоспарланған. Сонымен қатар, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов елорда уақытымен сағат 10:00-де америкалық Нил Магнимен күш сынасады.

Жекпе-жек UFC Apex аренасында өтеді, барлығы 12 кездесу жоспарланған.