Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында «Қайрат» пен «Мақтаарал» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды екінші таймда қорғаушы Виктор Васин соқты.

ҚПЛ. 14-тур.

«Қайрат» – «Мақтаарал» – 1:0 (0:0)

Гол соққандар: Васин

Айта кетерлігі, «Қайрат» тізгінін жақында қайта ұстаған бас бапкер Кирилл Кекер ҚПЛ аясындағы алғашқы ойында жеңіске жетті. Алматылық клубты бұған дейін Құрбан Бердыев жаттықтырған.