ММА журналистерінің басым бөлігі жеңісті Дамир Исмагуловтың қарсыласы Гурам Кутателадзеге берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Американың Остин қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде ресейлік файтер Дамир Исмагулов грузиялық Гурам Кутателадзені жеңген болатын.

MMADecisions.com сайтында дауыс берген сарапшылардың төртеуі Исмагулов жеңді деп санаса, қалған он бір сарапшы Кутателадзеге дауыс берді.