Бұхарада (Өзбекстан) өткен Brave CF 59 & ATF 11 турнирінде қазақстандық файтер Олжас Есқараев (10-5) титулды жекпе-жекте жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жеңіл салмақтағы «уақытша» Brave CF чемпионы белбеуі үшін қырғызстандық Кубанычбек Абдисаламуулумен (18-3) жұдырықтасты.

Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Абдисаламуулу төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Есқараев кәсіпқой мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады, ал қырғыз спортшысы он тоғызыншы жеңіске жетіп, Brave CF «уақытша» чемпионы атанды.