Бүгін «Словения туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің бірінші және екінші нәтижелерін БАӘ Эмираттары командасының шабандоздары Рафал Майк пен словениялық Тадей Погакар иеленді. Үшінші болып мәреге Caja Rural-Seguros RGA командасындағы испандық Фернандо Барсело келді.

Фабио Феллин 20-орын алып, «Астана» сапынан үздік нәтиже көрсетті.