Бүгін Бұхарада қазақстандық файтер жеңіл салмақтағы BRAVE CF уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Олжас Есқараев қырғызстандық Абдисалам Кубанычбекпен кездеседі.

Сондай-ақ негізгі кардта Нұржан Ақышев Отабек Токсировпен (Өзбекстан), Ильяр Асханов Хусанба Атабаевпен (Өзбекстан) күш сынасады.

Жекпе-жек кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-де басталады.

Тікелей трансляция бүкіл әлем бойынша OKKO, DAZN, MBC/SHAHID.NET, Arena Sport, O2, FIGHTING.DE, LOOKSPORT+, BAHRAIN TV, сондай-ақ BRAVE CF TV арналарында көрсетіледі.