Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Игорь Шацкий Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген эксклюзив сұхбатында Ұлттар лигасында төрт матчтық марафондағы эмоцияларын бөлісті.

- Игорь, ұлттық құрамада маусым айындағы керемет ойынмен және тамаша нәтижемен құттықтаймын!

- Көп рақмет. Құттықтауларды қабылдау әрқашан жағымды (жымияды).

- Қазақстан Ұлттар Лигасының маусым айындағы ойындарын жеңіліссіз өткізеді дегенге өздеріңіз сендіңіздер ме?

- Біз 24 мамырда жиналдық. Бәлкім, басында өз қабілетімізге деген сенімсіздік болған шығар, бірақ кейін күн сайын, әрбір жаттығудан, теориялық сабақтардан кейін сеніміміз арта берді. Ойын байланысын құрдық, тактикаға үлкен көңіл бөлінді. Әзербайжанды жеңгеннен кейін біз өзімізге сендік. Ойыннан кейін біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін, әрқайсы бірін-бірі сақтандыратынын, көмектесетінін, құтқаратынын түсіндік. Оған қоса, әрине, жанкүйерлер бізге көп қолдау көрсетті.