«Голден Стэйт Уорриорз» баскетболшылары плей-оффтың финалдық сериясының алтыншы матчында «Бостонды» жеңді.

Осылайша команда АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жеңімпазы атанды.

Бостондағы кездесу 103:90 (27:22, 27:17, 22:27, 27:24) есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Ең нәтижелі ойын көрсеткендер – «Голден Стэйт» қорғаушысы Стефен Карри мен «Бостон» шабуылшысы Джейлен Браун.

Екеуінде де 34 ұпайдан бар. «Голден Стэйт» ҰБҚ жеңімпазы атағын осымен жетінші рет иеленіп отыр.