Қазақстандық файтер Артем Резников бразилиялық Дави Рамоспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Резников пен Рамос кездесуі 17 маусымда Сочиде ACA 140 турнирі аясында өтеді. Аралас жекпе-жек кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталса, жарыстың басты жекпе-жектері 02:00 шамасына жоспарланған.

ACA 140 турнирі Ресейдің «Матч! Боец» пен «Матч ТВ» телеарналарында көрсетеді. Сондай-ақ промоушеннің ресми сайтында ақылы түрде көре аласыздар.