Үш апталық үзілістен соң Қазақстанның Olimpbet-Чемпионаты жалғасын табады.Қостанайлық футболшылар осы маусымда бірінші рет «Орталық» стадионға келіп, жаттығу өткізді. Осыған дейін манежде ойнап келген сары-жасылдардың орталық алаңға бой үйретуіне көп уақыт кеткен жоқ.Еске салайық, 19 маусым күні қостанайлықтар «Орталық» стадионда Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды. Кездесу сағат 21:00-де басталады.