Халықаралық бокс ұйымы (IBO) ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) жаттығуынан видео жариялады, деп жазады Prosports.kz.

- «Қазақ найзағайы», IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Данияр Елеусінов Лас-Вегастағы Top Rank Gym спорт залында жаттығып жатыр, – деп жазды ұйым твиттерде.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңген болатын.