Ұлан-Баторда өтетін GrandSlam халықаралық рейтингтік турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімді Халықаралық дзюдо федерациясы жариялады.

Қазақстан атынан жарысқа 13 ер спортшы және 7 әйел спортшы қатысады.

Ерлер: Бауржан Нарбаев (60 кг), Қанат Сейілхан (60 кг), Елдос Сметов (66 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов (73 кг), Аңсарбек Гайнуллин (73 кг), Бекәділ Шаймерденов (81 кг) , Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шерхан (-100 кг), Ислам Бозбаев (-100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг).

Әйелдер: Абиба Абужакинова (48 кг), Самалай Ергалиева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Екатерина Токарева (70 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг), Камила Берликаш (+ 78 кг).

Айта кетейік, жарыс 24 маусымда басталады.