Бүгін Джакартада (Индонезия) допты хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы Сингапур құрамасы болды. Біздің спортшылар жеңіске жетті – 2:0.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы 9:2 есебімен жеңген болатын.