«Ақтөбе» футболшысы Йоахим Адукор Либерия құрамасы сапында дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай қорғаушы Марокко құрамасына қарсы матчты түгел өткізген. Бірақ оның командасы 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Адукор алаңда тіркеуші жартылай қорғаушы позициясында ойнады.