Құрлықтық хоккей лигасында маусымаралық трансфер кезеңі жалғасып жатыр. 13 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандық клубтардан төрт ойыншы ресейлік командаларға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов келесі маусымда магнитогорскілік «Металлург» сапында ойнайды, ал Кертис Волк «Автомобилист» сапына қосылды.

«Сарыарка» шабуылшысы Кирилл Кожевников мәскеулік «Спартактың» намысын қорғаса, Степан Гримзин «Автомобилист» құрамына көшті.

Еске салайық, қазірге дейін «Барыстан» 13 ойыншы кетіп қалды.