Daily Mail басылымының хабарлауынша, катарлық клуб қожайындары команданың Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Реалдан» (1:0, 1:3) жеңілгеніне байланысты маманды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған.

Бұған дейін ПСЖ басшылығы аргентиналық бапкерге командамен жұмысты тоқтатуға мәжбүр болатынын айтқаны хабарланған болатын. Жақын арада жаттықтырушының кететіні ресми түрде жарияланады.

Сондай-ақ француз Зинедин Зидан жақын арада ПСЖ-ны баптауы керек екені бұған дейін белгілі болды.