Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті - 6:2.

Екіншісінде А.Данилина мен В.Страхова есе қайырды - 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 14:12.

Тартысты матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды.