Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 40 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесінде ресейлік спортшылар Валерия Карыгина мен Дильшода Умарова кездесті.

Бес раундқа созылған кездесуде Валерия төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ұйымның чемпиондық белбеуіне қол жеткізді.