Ұлттар лигасының үшінші турындағы матчта Қазақстан құрамасы Беларусьпен тең түсті.

Сербияда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы ойыннан кейін Қазақстан жеті ұпай жинап, көш басындағы орнын сақтап қалды.

Словакияда алты, Беларусьте төрт, Әзербайжан құрамасында бір ұпай бар.

Магомед Адиевтің шәкірттері келесі кездесуін 13 маусымда өз алаңында Словакия құрамасын қабылдайды.