Ұлттар лигасының үшінші турындағы матчта Қазақстан құрамасы Сербияда Беларусь құрамасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Сербияда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы бірінші таймда Абат Айымбетов соққан голдың арқасында есепте алда болған, бірақ екінші таймда қарсылас команда стандарттан кейін таразы басын теңестіріп кетті.

Осы ойыннан кейін Қазақстан жеті ұпай жинап, көш басындағы орнын сақтап қалды. Словакияда алты, Беларусьте төрт, Әзербайжан құрамасында бір ұпай.

Беларусь — Қазақстан 1:1 (0:1)Гол соққандар: Айымбетов 13 (0:1), Малькевич 84 (1:1).