Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Штутгартта өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Недовесов үндістандық теннисшісі Айсам-уль-Хак Курешимен жұптасып Денис Шапалов (Канада)/Рохан Бопаннадан (Үндістан) 4-6, 6-3, 9-11 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images