Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі, беделді Transfermarkt.ru порталы ҚПЛ-да өнер көрсететін ойыншылар туралы мәліметтерді жаңартты.

Transfermarkt сарапшылары қазақстандық футбол маусымын сараптап, жартылай қорғаушылар Макс Эбонг («Астана»), Максим Самородов («Ақтөбе») және Виктор Брага («Ордабасы») ҚПЛ-да ең жылдам дамып жатқан ойыншылар деп қорытындылады. Осы ойыншылардың бағасына 200 000 еуродан астам қосылды, енді қазір олардың бағалары, тиісінше, 1,2, 0,5 және 0,2 миллион еуроға тең. Айта кетерлігі, бразилиялық Брагидің жаңартылғанға дейін нарықтық бағасы мүлдем көрсетілмеген.

Түркияның «Хатайаспора» командасынан жалға алынған «Астана» өкілі, либериялық жартылай қорғаушы Мохаммед Камара 2,4 миллион еуродан 1,4 миллион еуроға арзандады. ҚПЛ-да өнер көрсететін ең қымбат қазақстандық футболшы Абзал Бейсебековтың бағасы 1,4 миллион еуродан 700 мыңға арзандады.