Словакияда 6х6 форматты шағын футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңіп (1:1, пен. – 3:2), жартылай финалға жолдама алды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы F тобында үш ойын өткізген болатын: Грекиямен тең түсіп (2:2), Англияны жеңіп (2:1), Израильге есе жібердік (2:5). 1/8 финалында қазақстандықтар Черногорияны жеңді (3:3, пен. – 4:3).

Жартылай финалда біздің отандастарымыз Әзербайжан командасымен кездеседі. Матч бүгін, елорда уақытымен 22:00-де басталады.