10 маусымда Веронадағы (Нью-Йорк, АҚШ) Turning Stone Resort Casino аренасында промоутер Лу Дибелланың ShoBox: The New Generation бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шоудың басты жекпе-жегінде Токио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов (10-0, 10 КО) бельгиялық Джек Муловайимен (10-2-1, 5 КО) кездеседі.

Былтыр мамырда Дубайда Джалолов 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Күнқабаевты тағы да жеңіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды.

2018 жылдың ақпан айында ол америкалық Fight Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Ал сол жылдың 5 мамырында АҚШ-та кәсіпқой рингтегі дебютін сәтті өткізіп, 3-раундта мексикалық Уго Трухильоны (4-0-1) нокаутқа түсірді.

2019 жылы сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өткен 6-жекпе-жегінде ол америкалық Брендан Барретті (7-2-2) 1-раундта нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы NABF Junior белбеуін алды.