Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2022/23 маусымының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алдына ала іріктеу кезең 23-28 тамыз күндері өтсе, негізгі кезең 25-30 қазанға жоспарланған. Элиталы кезеңнің матчтары 22-27 күндері өтіп, «Төртеудің финалына» жолдама алатын командалары анықталады.

Жарыстың финалдық кезеңі келер жылы мамыр айында өтеді. Жартылай финал 4 не 5 мамырға, ал финал 6 не 7 мамырға бекітіледі.

Ресей клубтары халықаралық жарыстардан шеттетілгендіктен Хорватия 2022/23 маусымына екі командасын тіркеуге рұқсат алды.

Айта кетейік, Ресей жарыстардан шеттетілгендіктен УЕФА клубтар рейтингінде екінші орнынан айырылып, Қазақстан алдына тек Испанияны жіберді.