Индонезияның астанасы Джакартада әйелдер арасында көгалдағы хоккейден іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл турнирде қазақстандықтар Сингапур, Гонконг (Қытай), Шри-Ланка, Камбоджа, Өзбекстан, Индонезия құрамаларымен бірге Азия ойындарына жолдама үшін күреседі.

Бірінші матчта Қазақстан құрамасы турнир иесі Индонезияны жеңді. Есеп-1:0.

Келесі кездесу өзбекстандық қыздармен өтті. Тағы да жеңіс - 2:0.

Айта кетерлігі, турнир 14 маусымға дейін жалғасады.