Қырғызстан құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінде өз алаңында Сингапурды қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде «Тұран» қақпашысы Ержан Токотаев, «Ақсу» қорғаушысы Қайрат Жырғалбекұлы және жартылай қорғаушылар Фархат Мұсабеков («Тұран») пен Гүлжігіт Алықұлов («Қайрат») негізгі құрамда алаңға шықты. Алықұлов ғана 73-минутында орнын әріптесіне босатты, ал қалған үш ойыншы толық матч өткізді.

Айта кетейік, Қырғызстан құрамасы 11 маусым күні Бішкекте Мьянмамен кездеседі.

Қырғызстан – Сингапур – 2:1

Гол соққандар: Валерий Кичин 77 (пенальти), Виктор Майер 82 – Ю-Ян Сонг 57