Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Лионда (Франция) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бірінші айналымда Ресей өкілі Алексей Ватутинмен дуэтте шыққан қазақстандық Александр Мерино (Перу)/Факундо Диас Акоста (Аргентина) жұбынан 6-7, 2-6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.