Бүгін Джакартада (Индонезия) көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріндегі екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы Өзбекстан командасы болды. Матч 2:0 есебімен біздің құраманың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші матчта Қазақстан Индонезия құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.