«Ливерпуль» «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньес үшін 100 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, англиялық клубтың бас бапкері Юрген Клопп 22 жастағы уругвайлық футболшының ойынына тәнті болған.

Шабуылшы Португалия клубқа «Ливерпульге» ауысқысы келетінін айтқан.

Нуньес өткен маусымда «Бенфика» сапында 41 ойында 34 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Фото: playmaker24.ru