Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатымен командалардың бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәстүрлі сауалнаманың қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясында «Жас Сұңқар» командасының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұл бірінші орынға ие болды. Ол 28 ұпай жинады.

Екінші және үшінші орындарға 11 ұпаймен қос ойыншы тұрақтады. Олар — «Хан-Тәңірі» командасының шабуылшысы Сергей Гридин және «Жас Сұңқар» ұжымының жартылай қорғаушысы Әділжан Нұрбай.

Кім кімге дауыс берді: