УЕФА 17 және 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамалары үшін 2022/2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының өтетін күні мен орнын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша 17 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы «В» лигасының 6-шы тобына енді, онда Румыния мен Литва қарсылас болады. Іріктеу ойындары 2022 жылдың 5-11 қазаны аралығында Румынияда өтеді.

19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасына келсек, «В» лигасының 7 тобында Чехия және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды. Іріктеу турнирі Қазақстанда ағымдағы жылдың 5-11 қазаны аралығында өтеді. Матчтардың нақты қай жерде болатыны кейінірек хабарланады.