Журналист Иван Карпов өзінің жеке Telegram-арнасында Қайраттың бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыевтің «Спартакқа» тағайындалуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол агенттері арасында Бердыев Мәскеу командасының бас бапкерлігіне үміткерлердің бірі деген қауесет тараған.

Айта кетейік, 2019 жылы БАҚ «Спартактың» қожайыны Леонид Федун Бердыевті командаға жаттықтырушы тағайындау туралы келіссөздер үзілгеннен кейін балағаттады деп жазған болатын.

Еске салайық, Бердыев пен оның бапкерлік штабы жақында алматылық «Қайраттан» кеткен болатын.