Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен Словакияға қарсы матч (1:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Біз үшін өте қиын ойын. Қарсылас көп шабуылдады, қысым көрсетті, бірақ біз соңына дейін ойнадық. Әр ойыншы алаңда барын салы, күш-жігерін аяған жоқ. Бұл бәріміз үшін ұмытылмас матч болды. Әрине, Словакия құрамасы бізден сәл мықты ұжым, бірақ біз бапкерлер кеңесінің нұсқауын орындауға тырыстық. Өздеріңіз білетіндей, бірлік бәрінен жоғары. Біз шын мәнінде «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» қағидасымен әрекет ететін команда екенімізді көрсеттік.

Алда тағы да ұпай жинау керек, енді екі матч бар. Жанкүйерлерімізді тағы да қуанту үшін барымызды саламыз. Олар ұлттық құраманың жеңісін көруге, жетістігіне қуануға лайық, - деді қақпашы.