Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Словакияны 1:0 есебімен жеңді, кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетерлігі, Словакия мен Қазақстан құрамасы алғаш рет кездесіп отыр. Словакия Қазақстан құрамасының тарихындағы 71-қарсыласы атанды.

Ал Еуропа құрамаларының ішінде 42-қарсылас. УЕФА-ға мүше елдер арасында Қазақстан құрамасы Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Словения, Уэльс және Швейцариямен әлі кездескен жоқ.