Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

УЕФА. Ұлттар лигасы. С тобы

Словакия - Қазақстан - 0:1 (0:1)

Гол соққан: Дарабаев