Футболдан Испания құрамасы Ұлттар лигасының екінші турында Чехиямен 2:2 есебімен тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында Испания құрамасының бірінші голын «Барселона» ойыншысы Гави соқты.

Ол жасы 17-ден 30 күн асқанда гол соғып, Испания құрамасында гол соққан тарихтағы ең жас ойыншы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін рекорд «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Ансу Фатиге тиесілі болатын, ол 17 жас 311 күнде құрама сапында гол соққан.