«Cloud9» IEM Dallas 2022 турнирінің финалында «ENCE» командасын жеңді. Абай «HObbit» Хасеновтың командасы бірінші орынды иеленіп, 100 000 доллар жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч есеп 3:0 болған кезде аяқталды.

Бұған дейін «Cloud9» «FaZe Clan» және «BIG» командаларынан басым түскен. «ENCE» «FURIA Esports» ұжымын жеңген болатын.

IEM Dallas 2022 турнирі 29 мамыр мен 6 маусым аралығында өтті. Турнирге қатысқан командалар 250 мың АҚШ долларын сарапқа салды.

«Cloud9» командасының мүшелері:

— Дмитрий «SH1RO» Соколов;

— Владислав «nafany» Горшков;

— Сергей «Ax1Le» Рыхторов;

— Абай «HObbit» Хасенов;

— Тимофей «Interz» Якушин.