Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасының бірінші турында жарақат алған Асхат Тағыбергеннің орнына кім капитан болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы жартылай қорғаушы Әзербайжанға қарсы ойында жараланып қалды. Біздің құрама 7 маусымға қараған түні Трнавада Словакиямен кездеседі.

«Исламбек ұлттық құраманың көшбасшы ойыншыларының бірі. Әрине ол дайын. Бізде капитанымызды алмастыратын бірнеше ойыншы бар. Бірақ ертең Исламбек Қуат капитан болады», - деді бапкер.